Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

26.03.2026, 00:31

Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті

Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты
ҰОК

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 2-орында тұрған Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисші әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Елена Рыбакина Майами турнирінің жартылай финалына шықты. Енді ол финал жолдамасы үшін Арина Соболенко (Беларусь, WTA рейтингінде 1-орын) мен Хейли Баптист (АҚШ, 45-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Рыбакина Miami Open-2026 турнирін сәтті бастап келеді. Бұған дейін ол жарыс барысында қазақстандық Юлия Путинцеваны (75-орын) 6:3, 6:3, украиналық Марта Костюкті (28-орын) 6:3, 6:4 және австралиялық Талия Гибсонды (68-орын) 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірген болатын.

Биылғы Майами турнирінің жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Ал жарыс жеңімпазы 1 151 380 доллар сыйақы алып, 1000 рейтингтік ұпай еншілейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам