Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина тағы да Арина Соболенкодан жеңілді

Бүгін, 08:13

Бұл — қос теннисшінің биылғы маусымдағы үшінші кездесуі

Елена Рыбакина тағы да Арина Соболенкодан жеңілді
Championat.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өткен WTA 1000 турниріндегі жорығын жартылай финалда аяқтады. Әлемнің екінші ракеткасы шешуші кезеңге жолдама үшін рейтинг көшбасшысы, беларусьтік Арина Соболенкомен кездесті.

Матч 1 сағат 20 минутқа созылып, екі сетте аяқталды — 4:6, 3:6. Осы кездесуден кейін теннисшілер арасындағы жеке кездесулер есебі 10:7 болып, Соболенконың пайдасына шешілді. Рыбакина ойын барысында екі эйс жасап, бір қос қателікке жол беріп, брейк-пойнттардың екеуін де сәтті пайдаланды.

Бұл — қос теннисшінің биылғы маусымдағы үшінші кездесуі. 31 қаңтарда Елена Рыбакина Australian Open финалында жеңіске жетсе, 15 наурызда Арина Соболенко Индиан-Уэллстегі WTA 1000 финалында реванш алған еді.

Енді Арина Соболенко Майами турнирінің финалында америкалық Коко Гауффпен кездеседі. Гауфф жартылай финалда чехиялық Каролина Мухованы 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Турнир қорытындысы бойынша Коко Гауфф WTA рейтингінің алғашқы үштігіне еніп, польшалық Ига Швёнтекті ығыстырады. Ал Елена Рыбакина екінші орында қалса, көш басында Арина Соболенко қала береді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам