Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Рыбакина Соболенкомен екі аптаның ішінде екінші рет кездеседі

26.03.2026, 10:22

Жартылай финал 27 наурызда өтеді. 

Рыбакина Соболенкомен екі аптаның ішінде екінші рет кездеседі
Jimmie48©

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Арина Соболенкомен соңғы екі апта ішінде екінші рет кездесетін болды.

Бұл жолы теннисшілер Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында күш сынасады.

Беларусь өкілі Арина Соболенко ширек финалда америкалық Хейли Баптисті 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Турнирлік кестеге сәйкес, енді ол қазақстандық Рыбакинамен өзара кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, жеребе тарту сәтінде Рыбакина WTA рейтингінде әлі үшінші, ал Ига Швентек екінші орында тұрған еді, сондықтан ол Соболенко орналасқан турнирлік бөлікте қалды.

Бұл Рыбакина мен Соболенконың WTA аясында өзара 17-кездесуі болмақ. Қазіргі таңда екеуара есепте Беларусь спортшысы алда – 9:7. Биыл олар екі рет жолықты: Australian Open финалында Рыбакина жеңіске жетсе, Индиан-Уэллсте Соболенко реванш жасаған.

Жартылай финалдық кездесу 27 наурызға қараған түні өтеді. Ал екінші жартылай финалда әлемнің төртінші ракеткасы Коко Гауфф пен Каролина Мухова финал жолдамасын сарапқа салады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам