Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қазаққа жиен»: Германиядан келген легионер теннисші жанкүйерлер қолдауы туралы айтты

11.04.2026, 10:06
«Қазаққа жиен»: Германиядан келген легионер теннисші жанкүйерлер қолдауы туралы айтты
Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова

Германиядан Қазақстан құрамасына ауысқан 19 жастағы теннисші Соня Жиенбаева ұлттық команда сапындағы алғашқы ойынын өткізді.

Еске салайық, «Билли Джин Кинг» кубогі аясында Астанада Қазақстан мен Канада құрамалары өзара мықтыны анықтап жатыр. Соня Жиенбаева жекелей сында әйгілі Бьянка Андреескумен кортқа шығып, 6:4; 7:6 есебімен жеңіліп қалды. Аса тартысты өткен кездесуден кейін ол ұлттық құрама сапындағы дебютіне көңілі толатынын жасырмады.

«Алғашында жүйкем жиі сыр берген. Дегенмен, кортта барынша өзімді сабырлы ұстауға тырыстым. Кейде күшім жетпей қалып жатты. Дегенмен, ойын өзім үшін барынша позитивті өтті деп айта аламын. Өте жақсы дебют жасадым. Жеңілгенім әрине, өкінішті. Бірақ, Андреескумен осындай деңгейде ойнағаныма қуандым. Ол – «Үлкен дулығаны» жеңген мықты теннисшілердің бірі», - деді Жиенбаева.

Соня кортқа шыққанда жергілікті жанкүйерлер оған ерекше қолдау көрсетті. Германиядан келген легионер болғанымен, теннисші 2006 жылы Алматыда дүниеге келген. Оның анасы – қазақ, әкесі – неміс. Ертеректе Германияға қоныс аударып, спортпен сол жақта айналыса бастаған. 2024 жылы Қазақстан құрамасының сапына қосылуға шешім қабылдап, күні кеше дебютін өткізді.

«Жанкүйерлер тарапынан қолдау жақсы болды. Мені Германияда да осылай қолдайтын. Колледжде ойнағанымда бүкіл трибуна бұдан да қатты айқайлап отыратын. Бапкерлерім, командам гейм арасында жаныма келіп қолдау сөздерін айтып, жігерлендіретін», - деп сөзін қорытындылады қазаққа жиен Жиенбаева.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам