Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде ширек финалға шықты

Бүгін, 09:51

Ол әлемнің 19-ракеткасы Диана Шнайдерді жеңді

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде ширек финалға шықты
ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға шықты.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші жарысты екінші кезеңнен бастады. Ол әлемнің 19-ракеткасы Диана Шнайдермен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Матч екі сетке ғана созылып, 6:3, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Кездесу 1 сағат 14 минутқа жалғасты. Осы уақыт аралығында Елена 9 эйс орындап, 2 қос қателік жіберді және брейк-пойнттардың жартысын сәтті пайдаланды.

Енді Рыбакина ширек финалда канадалық Лейла Фернандес пен түркиялық Зейнеп Сенмез арасындағы кездесудің жеңімпазымен кортқа шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам