Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы болу үшін не істеу керегін айтты

Бүгін, 10:27

Рыбакина рейтинг пен ұпайға аса мән бермейтінін атап өтті

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы болу үшін не істеу керегін айтты
Gettysport

Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі бірінші орын үшін талас туралы пікір білдірді.

Рыбакина рейтинг пен ұпайға аса мән бермейтінін, Арина Соболенкомен бәсеке болса да, басты назарды өз ойынына аударатынын айтты.

«Мен бұл туралы көп ойламаймын. Ол бұл турнирде жоқ, бірақ соған қарамастан өз максимумымды көрсетуім керек. Ең маңыздысы – осы. Егер бәрін дұрыс жасасам, мұндай нәтижеге жетіп, оны ұстап тұруға болады. Әрине, бұл – өте күрделі мақсат», – деді теннисші.

Оның айтуынша, табысқа жетудің басты кілті – тұрақтылық пен үздіксіз даму.

«Маған қарсыласқа қарамай, жақсы ойнап, турнирдің соңына дейін жету маңызды. Барлығы прогресс пен тұрақтылыққа байланысты. Егер солай болса, нәтиже де болады», – деп қосты ол.

Айта кетейік, турнир Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатыр. Рыбакина бұл жарысқа бірінші нөмірлі теннисші ретінде қатысуда.

Екінші айналымда қазақстандық спортшы ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі. Матч 16 сәуірге жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам