Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина Мадридте Олимпиада чемпионын жеңді

Бүгін, 08:32

Рыбакина турнирдің төртінші айналымына шықты

Елена Рыбакина Мадридте Олимпиада чемпионын жеңді
instagram.com/rolandgarros

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде сәтті өнерін жалғастырып, төртінші айналымға жолдама алды.

Үшінші кезеңде қазақстандық теннисші қазіргі Олимпиада чемпионы Чжэн Циньвэньмен кездесіп, тартысты матчта жеңіске жетті – 4:6, 6:4, 6:3. 2 сағат 21 минутқа созылған бәсекенің алғашқы сетінде қытайлық спортшы басымдық танытқанымен, кейін Рыбакина ойынын тұрақтандырып, бірінші доптағы дәлдігін арттырып, қателіктер санын азайтты. Елена матч барысында 7 эйс орындады.

Осы жеңістің арқасында Рыбакина турнирдің төртінші айналымына шықты. Енді ол ширек финалға жолдама үшін ресейлік Анастасия Потаповамен кездеседі. Потапова өз кезегінде латвиялық Елена Остапенконі 4:6, 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Рыбакина мен Потапова бұған дейін екі мәрте кездескен: 2018 жылы Римде Потапова жеңсе, 2024 жылы Брисбенде Рыбакина басым түскен. Кезекті кездесу 28 сәуірге қараған түні өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам