Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Мазақ қылып тұрсыздар ма?»: Елена Рыбакинаның төрешімен дауласқан видеосы таралды

Бүгін, 09:13

Рыбакина камбэк жасап, 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті

«Мазақ қылып тұрсыздар ма?»: Елена Рыбакинаның төрешімен дауласқан видеосы таралды
коллаж: 1bol.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі турнир барысында төрешімен даулы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Чжэн Циньвэньмен өткен матч кезінде бір эпизодта қытайлық теннисшінің добы электронды жүйе тарапынан «алаң ішінде» деп тіркелген. Алайда Рыбакина бұл шешіммен келіспей, төрешіге доптың сызыққа жетпегенін көрсеткен.

«Мазақ қылып тұрсыздар ма? Жүйе қателесіп тұр. Доп сызыққа тиген жоқ, бұл — мүлде дұрыс шешім емес», — деп наразылығын білдірді қазақстандық спортшы.

Айта кетейік, кездесудің қорытындысында Рыбакина камбэк жасап, қарсыласын 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам