Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина жеңіс саны жөнінен Янник Синнерді басып озды

Бүгін, 11:43

Қазақстандық спортшы 27 жеңіспен маусымдағы ең үздік көрсеткішке ие

Елена Рыбакина жеңіс саны жөнінен Янник Синнерді басып озды
instagram.com/rolandgarros

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің №2 теннисшісі Елена Рыбакина биылғы маусымда ерекше нәтижеге қол жеткізді.

Қазіргі таңда қазақстандық спортшы 27 жеңіспен маусымдағы ең үздік көрсеткішке ие. Бұл көрсеткіш бойынша Рыбакина әйелдер арасында ғана емес, ерлер теннисі өкілдерінің ішінде де көш бастап тұр.

Айта кетейік, ерлер арасындағы әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнердің еншісінде 26 жеңіс бар.

Мадридте (Испания) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында Чжэн Циньвэньді жеңген Рыбакина енді ширек финал жолдамасы үшін әлемнің 56-ракеткасы Анастасия Потаповамен кортқа шығады.

Аталған матч 29 сәуірге қараған түні, Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам