Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Александр Бублик Ролан Гаррос турнирін алғашқы айналымда аяқтады

Бүгін, 18:00

Бублик Германия өкілі Ян-Леннард Штруффпен кездесті

Александр Бублик Ролан Гаррос турнирін алғашқы айналымда аяқтады
Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ролан Гаррос 2026 турниріндегі өнерін алғашқы айналымда аяқтады.

Әлемнің оныншы ракеткасы бірінші кезеңде Германия өкілі Ян-Леннард Штруффпен кездесіп, төрт сетке созылған тартысты матчта жеңіліп қалды. Қорытынды есеп – 7:5, 6:7, 6:4, 7:5 неміс теннисшісінің пайдасына шешілді. Кездесу 3 сағат 13 минутқа жалғасты.

Осылайша, қарсыластар арасындағы жеке кездесулер есебі де Ян-Леннард Штруффтың пайдасына 5:3 болып қалды. Бұл олардың мансабындағы сегізінші матч еді.

Енді Германия теннисшісі екінші айналымда Денис Шаповалов пен Джейми Фария арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, биылғы Ролан Гаррос 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 72,8 миллион долларды құрап, өткен маусыммен салыстырғанда рекордтық деңгейге жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам