Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина украиналық теннисшіден жеңіліп, «Ролан Гарросты» ерте аяқтады

27.05.2026, 22:53

Ол украиналық Юлия Стародубцеваға жол берді

Елена Рыбакина украиналық теннисшіден жеңіліп, «Ролан Гарросты» ерте аяқтады
Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы өнерін күтпеген жерден ерте аяқтады.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің екінші айналымында украиналық Юлия Стародубцеваға жол берді. Үш сетке созылған тартысты кездесуде Рыбакина 3:6, 6:1, 6:7 есебімен жеңіліс тапты.

Осылайша, Қазақстанның басты үміті саналған теннисші жарысты мерзімінен бұрын аяқтаса, Стародубцева турнирдің үшінші айналымына шықты.

Айта кетейік, Елена Рыбакина «Ролан Гарросты» сенімді бастаған еді. Алғашқы айналымда ол словениялық Вероника Эрьявецті 6:2, 6:2 есебімен айқын басымдықпен жеңген болатын.

Рыбакинаның Франция ашық чемпионатындағы әзірге ең жоғары нәтижесі — ширек финал. Қазақстандық теннисші бұл кезеңге 2021 және 2024 жылдары дейін жеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам