Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Анна Данилина «Ролан Гарростың» ширек финалына шықты

Бүгін, 09:52

Қазақстандық спортшы америкалық Джеймс Трейсимен жұптасып өнер көрсетіп жатыр

Анна Данилина «Ролан Гарростың» ширек финалына шықты
ҰОК

Қазақстандық теннисші Анна Данилина «Ролан Гаррос-2026» турнирінің аралас жұптар бәсекесінде ширек финалға жолдама алды.

Қазақстандық спортшы америкалық Джеймс Трейсимен жұптасып, жарыстың екінші айналымында норвегиялық Ульрике Эйккери мен австриялық Лукас Мидлерден басым түсті. Тартысты кездесу 6:1, 4:6, 10:8 есебімен аяқталды.

1 сағат 9 минутқа созылған матчтың тағдыры супер тай-брейкте шешілді. Алғашқы сетте Данилина мен Трейси айқын басымдық танытқанымен, екінші партияда қарсыластары есепті теңестірді.

Осылайша, Анна Данилина мен Джеймс Трейси «Ролан Гаррос-2026» турнирінің ширек финалына шықты. Жартылай финал жолдамасы үшін олардың қарсыластары кейінірек анықталады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Анна Данилина Франция ашық чемпионатында өнер көрсетіп жатқан жалғыз қазақстандық теннисші болып отыр. Ол турнирдегі жарысын бірден екі санатта жалғастыруда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам