Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстанның бірінші ракеткасы «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты

Бүгін, 08:15

Енді жапониялық Сюко Аояма және тайваньдық Энь-Шуо Лян жұбына қарсы ойнайды

Қазақстанның бірінші ракеткасы «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты
Getty Images

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина және сербиялық теннисші Александра Крунич Франция ашық чемпионатының жартылай финалына шықты.

Турнирде екінші нөмірмен тіркелген Данилина мен Крунич ширек финалда жетінші нөмірлі жұп – Эллен Перес және Деми Схюрспен кездесті. 1 сағат 39 минутқа созылған матчта қазақстандық-сербиялық дуэт 6:2, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Енді жартылай финалда Данилина мен Крунич жапониялық Сюко Аояма және тайваньдық Энь-Шуо Лян жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, биылғы Ролан Гаррос 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 61,723 миллион еуроны құрайды. Ал жұптық сында чемпион атанған теннисшілер командасы 600 мың еуро сыйақы алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам