Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Рыбакина «Ролан Гарростан» кейін екі саты төмендеді

Бүгін, 09:09

Қазақстандық теннисші 4388 ұпаймен үшінші орынға сырғыды

Рыбакина «Ролан Гарростан» кейін екі саты төмендеді
Lintao Zhang/Getty Images

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Францияның ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін жаңартылған рейтингтерін жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина чемпиондық жарыста (Race to WTA Finals) екі саты төмен түсіп, көшбасшылықтан айырылды.

Маусым басынан бергі нәтижелерді есептейтін чемпиондық жарыс рейтингінде Рыбакина 4388 ұпаймен үшінші орынға сырғыды. Көш басына алғаш рет «Ролан Гаррос» чемпионы атанған ресейлік Мирра Андреева көтерілді. Оның еншісінде 4928 ұпай бар. Екінші орынға 4510 ұпай жинаған әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко жайғасты.

19 жастағы Андреева Париждегі финалда польшалық Майя Хвалиньска теннисшісін 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, мансабындағы алғашқы «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды. Осы табыс оған чемпиондық жарыста бірінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Ал Рыбакина үшін «Ролан Гаррос» сәтсіз аяқталды. Қазақстандық спортшы екінші айналымда украиналық Юлия Стародубцева қарсыласынан 6:3, 1:6, 6:7 (4:10) есебімен жеңіліп, жарысты ерте аяқтаған болатын.

Соған қарамастан, әлемдік негізгі WTA рейтингінде Рыбакина өз позициясын сақтап қалды. Қазақстандық теннисші бұрынғыдай екінші орында қалып, тек Соболенкодан ғана қалып тұр. Үздік үштікті польшалық Ига Швёнтек түйіндейді.

Ал Париждегі тарихи жеңісінен кейін Андреева негізгі рейтингте екі саты жоғарылап, алтыншы орынға көтерілді. Былтырғы чемпион Кори Гауфф төртінші орыннан жетінші орынға төмендеді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева «Ролан Гарроста» екінші айналымнан аса алмай, WTA рейтингінде бірден 11 орын жоғалтып, 87-сатыға түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам