Теннисші Александр Шевченко Словакиядағы турнирдің финалына дейін жетті

Финалда жеңіс жапон теннисшісінің еншісіне бұйырды

ҰОК
ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Александр Шевченко Братиславада (Словакия) өткен халықаралық теннис турнирінің финалында өнер көрсетті.

Шешуші матчта қазақстандық теннисшінің қарсыласы жапониялық Даниэль Таро болды.

Кездесу үш сетке созылды. Алғашқы сетті Шевченко өз пайдасына шешкенімен, кейінгі екі сетті Таро жеңіп алды.

Қорытынды есеп – 3:6, 6:0, 7:6. Жеңіс жапон теннисшісінің еншісіне бұйырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам