Қазақстандық теннисші бір күнде кортқа екі рет шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан Queen’s Club Championships турниріндегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші жарыстың ширек финалында Ұлыбритания өкілі Кэти Бултермен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 5:7, 6:2, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, турнирдің бірінші нөмірлі фавориті саналған Рыбакина жартылай финалға шыға алмады.
Айта кетейік, бұл күні қазақстандық теннисші кортқа екі рет шықты. Бұған дейін кейінге шегерілген матчта ол германиялық Татьяна Марияны 6:7, 7:5, 6:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алған еді.
Алайда қысқа уақыт ішінде өткен екінші кездесуде Рыбакина британдық қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтауға мәжбүр болды.
Лондондағы турнир шөп төсенішінде өтеді және ол маусымдағы басты жарыстардың бірі – Уимблдон алдындағы маңызды дайындық кезеңі саналады.