ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Соня Жиенбаева Испаниядағы ITF W35 турнирінің финалына шықты

Бүгін, 09:58

Жұптық сында финалға, жекелей сында ширек финалға өтті

Соня Жиенбаева Испаниядағы ITF W35 турнирінің финалына шықты
KTF

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің жұптық разрядында финалға жолдама алды.

Жиенбаева ресейлік Екатерина Яшинамен бірге жартылай финалда марокколық Ясмин Каббадж бен қытайлық Юйфэй Рэнь жұбына қарсы ойнады. Кездесу тартысты өтіп, қазақстандық-ресейлік дуэт 3:6, 6:2, 17:15 есебімен жеңіске жетті. Матч бір жарым сағатқа созылды.

Бұл екі жұптың арасындағы алғашқы кездесу болды.

Енді Жиенбаева мен Яшина турнирдің шешуші матчында испаниялық Виктория Гомес және нидерландтық Аранча Рус жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Соня Жиенбаева бүгін жекелей сында да сәтті өнер көрсетіп, ширек финалда Беларусь өкілі Дарья Хомутянскаяны жеңді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам