Маған әлемнің бірінші ракеткасы болған ұнайды - Арина Соболенко

Ол өзіне деген жоғары талап пен қысымнан қашпайтынын айтты

Getty Images
Getty Images

Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко WTA рейтингінің көшін бастап тұру оған ұнайтынын айтты.

Соболенконың сөзінше, ол өзіне деген жоғары талап пен қысымнан қашпайды. Керісінше, рейтингтегі бірінші орын оны жігерлендіреді.

«Мен бұдан ләззат аламын. Қарсыластардың басты нысанасы болған ұнайды. Жас буынның маған қарап, шабыттанатынын көрген ұнайды. Рейтингте сәл төмендесем де, олар менен шабыт алады деп ойлаймын. Дегенмен мұндай жағдай ешқашан болмаса екен деймін», – деді теннисші.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Соболенконың әлемдік рейтингтегі көшбасшылық жолындағы басты бәсекелестерінің бірі саналады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам