ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің төртінші айналымына шықты

Бүгін, 08:41

Енді ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі

Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің төртінші айналымына шықты
Instagram/australianopen

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Цинциннати турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзінің 41-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Фрехпен кездесті.

Жаңбырға байланысты бірнеше рет тоқтатылған матч екі сағатқа созылды. Рыбакина қарсыласын екі сетте 6:4, 7:6 (7:2) есебімен жеңді.

Кездесу барысында қазақстандық спортшы бес эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ 18 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымына шықты. Енді ол әлемдік рейтингте 14-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі. Бұл олардың қатты жабындағы алғашқы кездесуі болмақ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам