ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Соболенко сүрінді: Рыбакина әлемдік рейтингте көш бастауы мүмкін

Бүгін, 10:42

Арина Соболенко чехиялық Сара Бейлекке 6:7 (7:9), 4:6 есебімен есе жіберді

Соболенко сүрінді: Рыбакина әлемдік рейтингте көш бастауы мүмкін
Championat

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің қорытындысы бойынша алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін бастауға мүмкіндік алды.

Бұған әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконың жарыстан шығып қалуы жол ашты. Беларусь теннисшісі төртінші айналымда чехиялық Сара Бейлекке 6:7 (7:9), 4:6 есебімен есе жіберіп, ширек финалға өте алмады.

Енді Рыбакинаның тағдыры өз қолында. Қазақстандық теннисші Цинциннати турнирінің финалына шықса, кемінде 650 рейтингтік ұпай иеленіп, Соболенконы басып озады. Бұл жағдайда Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінің бірінші сатысына көтеріледі.

Ал турнирде чемпион атанса, 1000 ұпай алып, әлемдік рейтингтегі жаңа орнын одан әрі нығайта түседі.

Алайда Рыбакинаны алдымен маңызды сынақ күтіп тұр. Ширек финалда ол әлемнің бесінші ракеткасы Ига Швентекпен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам