Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Цинциннатидегі ширек финалды аяқтай алмады

Telegram WhatsApp

Матч небәрі 28 минутқа созылды

Getty Images
Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында Ига Швентекке қарсы матчты соңына дейін жеткізе алмады.

Кездесу кезінде әлемнің екінші ракеткасы денсаулығына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Рыбакина жарысты тоқтатқан сәтте есеп Швентектің пайдасына 4:1 болған, ал алтыншы геймде 40:40 тіркеліп тұрды.

Матч небәрі 28 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында Рыбакина бір эйс жасап, бір қос қате жіберді және брейк-пойнт мүмкіндігін пайдалана алмады. Швентек бір брейк жасап үлгерді.

Осылайша, әлемнің бесінші ракеткасы Ига Швентек Цинциннати турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.

Рыбакинаның денсаулығына қатысты нақты мәселе әзірге айтылған жоқ.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 55 896 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 155 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 136 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 638 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 265 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 144 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 133 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 623 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 396 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 552 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 592 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›