ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

US Open-да сенсация: Джокович пен Соболенко күтпеген жерден жеңілді

Бүгін, 09:33

Жұлдызды жұп аралас жұптар бәсекесін алғашқы айналымнан кейін аяқтады

US Open-да сенсация: Джокович пен Соболенко күтпеген жерден жеңілді
© Sarah Stier / Staff / Getty Images Sport

Теннистен АҚШ ашық чемпионатында (US Open-2026) аралас жұптар арасындағы жарыс басталды. Турнирдің алғашқы айналымында Новак Джокович пен Арина Соболенко сенсациялық жеңіліске ұшырады.

Сербиялық және Беларусь теннисшілерінен құралған жұлдызды дуэт жарыстың бірінші нөмірлі жұбы ретінде тіркелген еді. Алайда олар алғашқы матчында-ақ Чехия өкілі Катерина Синякова мен британиялық Генри Паттенге жол берді.

Кездесудің алғашқы сетінде Джокович пен Соболенко 4:1 есебімен басым түсті. Екінші партияда Синякова мен Паттен 4:2 есебімен қарымта қайтарып, жеңімпаз чемпиондық тай-брейкте анықталды.

Шешуші сәтте чех-британдық жұп қарсыластарына мүмкіндік қалдырмай, 10:2 есебімен жеңіске жетті. Матч 53 минутқа созылды.

Осылайша Новак Джокович пен Арина Соболенко US Open турнирінің аралас жұптар бәсекесін алғашқы айналымнан кейін аяқтады. Енді қос теннисші жарыстың жекелей сынында өнер көрсетеді.

Ал Синякова мен Паттен ширек финалға жолдама алды. Кейін олар украиналық Элина Свитолина мен француз Гаэль Монфис жұбымен кездесті.

Айта кетейік, US Open-2026 аралас жұптар турнирінің жеңімпаздарына 1 миллион доллар жүлде беріледі. Ал ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сынның негізгі кезеңі 30 тамызда басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам