ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватияда күміс алды

Бүгін, 10:55

Финалда қазақстандық спортшы Лизетт Фазекашқа (Хорватия) 1:3 есебімен есе жіберді

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватияда күміс алды
ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы турнирде күміс медаль жеңіп алды.

Спортшы U13 жас санатында екінші орынға ие болды.

Ол турнир барысында Жания Эма Калужаны (Словения) – 3:0, Зита Петровичті (Хорватия) – 3:0, Сара Серпаны (Румыния) – 3:0, Стелла Пресецкиді (Хорватия) – 3:0, Линь Цзяцзюньді (Сингапур) – 3:0, Изабела Пастинаны (Румыния) – 3:0 есебімен жеңді.

Финалда қазақстандық спортшы Лизетт Фазекашқа (Хорватия) 1:3 есебімен есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам