Елена Рыбакинаның US Open-дағы алғашқы қарсыласы анықталды

Telegram WhatsApp

Рыбакина үшін бұл матч жарақаттан кейінгі алғашқы маңызды сынақтардың бірі болмақ

© John Walton - PA Images / Contributor / PA Images
© John Walton - PA Images / Contributor / PA Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды. Жеребе қорытындысы бойынша әлемнің екінші ракеткасы жарысты 17 жастағы америкалық Теа Фродинге қарсы матчпен бастайды.

Фродин WTA рейтингінде 580-орында тұр. Ол US Open-ның негізгі кезеңіне арнайы шақырту арқылы енген. Америкалық жас теннисші бұл мүмкіндікті 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы USTA ұлттық чемпионатындағы жеңісінің арқасында алған.

Рыбакина үшін бұл матч жарақаттан кейінгі алғашқы маңызды сынақтардың бірі болмақ. Бұған дейін ол Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінде сол жақ тобығынан жарақат алып, Ига Швентекке қарсы ширек финалды аяқтай алмаған еді. Соған қарамастан, қазақстандық теннисші Нью-Йоркке келіп, US Open-ға қатысу үшін дайындықты жалғастырып жатыр.

Жеребе Рыбакина үшін жалпы алғанда қызық бағыт ұсынды. Егер ол алғашқы айналымдардан сүрінбей өтсе, ширек финалда Ига Швентекпен қайта кездесуі мүмкін.

US Open-2026 негізгі кезеңі 30 тамызда басталып, 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 55 806 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 155 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 136 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 638 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 265 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 144 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 133 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 623 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 396 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 552 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 592 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›