Ракеткасын сындырған Соболенкоға қомақты айыппұл салынды

Соболенко финалға шыққаны үшін 2,8 миллион доллар көлемінде сыйақы алды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open турнирінің финалындағы тәртібі үшін 7,5 мың доллар, шамамен 3,4 миллион теңге айыппұл төлейтін болды.

Соболенко шешуші кездесуде Қазақстан өкілі Елена Рыбакинадан 4:6, 7:5, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Ойын аяқталғаннан кейін Беларусь спортшысы ракеткасын сындырып, өзін түсіріп тұрған телеоператорға балағат сөз айтқан. Турнир ұйымдастырушылары осы әрекеттері үшін оған қаржылық жаза қолданды.

Соболенко финалға шыққаны үшін 2,8 миллион доллар көлемінде сыйақы алды. Сондықтан айыппұл оның жүлде қорының аз ғана бөлігін құрайды.

Бұл жеңістің арқасында Рыбакина мансабында алғаш рет US Open чемпионы атанып, әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді. Ал Нью-Йорктегі жарысты екі жыл қатарынан жеңген Соболенко үшінші титулына қол жеткізе алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам