Қазақстан теннис федерациясы тіл дауынан кейін қазақша челлендж ұйымдастырды (ВИДЕО)

Теннисшілер 33 333 санын қазақша айтты

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қазақстан теннис федерациясы әлеуметтік желідегі тілге қатысты сыннан кейін қазақ тіліндегі челлендж ұйымдастырды.

ҚТФ-ның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода бапкерлер, спортшылар және ұлттық құрама мамандары 33 333 санын қазақша айтып, челленджге қатысты.

Видеода теннис саласының өкілдері бес таңбалы санды қазақ тілінде атап, қазақша сөйлеуге үндеді.

Бұған дейін Қазақстан теннис федерациясының парақшасында Билли Джин Кинг кубогіне қатысатын қазақстандық теннисшілердің ана тілдерінде 33 333 санын айтуы туралы видео жарияланған еді. Алайда қазақстандық спортшы Соня Жиенбаева санды орыс тілінде айтқан. Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары ҚТФ парақшасында қазақ тіліне жеткілікті көңіл бөлінбегенін айтып, пікір білдірген.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам