Бейжіңде сәтсіз өнер көрсеткен Рыбакина 36 мың доллар сыйақы алды

Рыбакина екінші айналымда Армения атынан өнер көрсететін Алина Чараеваға есе жіберді

KTF
KTF

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA-1000 турнирін екінші айналымда аяқтады. Соған қарамастан, ол жарыста 36 110 доллар көлемінде сыйақы алды.

Рыбакина екінші айналымда Армения атынан өнер көрсететін Алина Чараеваға (WTA рейтингінде 118-орын) үш сетте 6:3, 4:6, 3:6 есебімен есе жіберді.

Осы кезеңдегі нәтижесі үшін қазақстандық теннисші 35 рейтингтік ұпай алады.

Бейжіңдегі турнирде Рыбакина бірінші нөмірмен ойын көрсетті. Ол жарыстың басты фавориттерінің бірі саналғанымен, әлемнің 118-ракеткасына жол беріп, турнирді ерте аяқтады.

China Open-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жекелей сында чемпион атанған теннисші 1 151 380 доллар сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай алады.

Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін US Open-2026 турнирінде чемпион атанып, мансабында алғаш рет WTA рейтингінің көшін бастады. Осылайша Бейжіңдегі жарыс оның әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесіндегі алғашқы турнирі болды.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Елена Рыбакинаны ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам