Әлемнің бірінші ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакина Уханьда өтетін WTA 1000 сериясындағы турнирге қатысудан бас тартты.
Турнир ұйымдастырушылары таратқан мәліметке сәйкес, Рыбакина аяғынан алған жарақатына байланыста жарысқа қатыса алмайды. Мұнан кейін теннисшінің өзі де жанкүйерлеріне үндеу жасап, кешірім сұрады.
«Менің осы жарысқа қатысуымды тағатсыздана күткен жанкүйерлерге бұл жаңалық жағымсыз естілгенін түсінемін. Маған қалыпқа келуіме және демалуыма біршама уақыт керек. Түсініп, маған үнемі қолдау білдірген әрбіріңізге рахметімді айтамын. Келесі жылы кездескенше», - деп мәлімдеді Рыбакина.
Уханьдағы турнир 12 қазанда басталып, 18-не аяқталады. Бұған дейін Пекиндегі турнирде армениялық теннисші Алина Чараевадан күтпеген жерден жеңілген Рыбакина жыл соңына дейін ешқандай жарысқа қатыспауы мүмкін.