Даниил Медведев көрерменді теннис добымен ұрып, жарыстан қуылды

Матчтан кейін Даниил журналистерге сұхбат беріп, болған оқиға үшін қатты өкінетінін айтты

Голубович Дмитрий, «Чемпионат»
Голубович Дмитрий, «Чемпионат»

Пекинде өтіп жатқан ATP 500 санатынданы турнирде ресейлік теннисші Даниил Медведев жартылай финалда серб Новак Джоковичпен кортқа шығып, тәртіп бұзғаны үшін дисквалификация алды.

Бірінші сет Джоковичтің жеңісімен аяқталған, есеп – 7:5. Ал, екінші сетте Медведев 3:5 есебімен жеңіліп жаттып, эмоциясын жасыра алмады. Ашуын ракетка мен доптан алуды әдетке айналдырған ресейлік теннисші бұл жолы да оқыс қимылдады. Аса жылдамдықпен ұшқан доп трибунада отырған жанкүйердің көзіне тиіп, ол біраз уақыт бас кқтере алған жоқ. Бірнеше минуттан кейін ұйымдастырушылар оны алып кетті. 

Ал, төрешілер ақылдаса келе Медведевті жарыстан шеттету туралы шешім шығарды.

Матчтан кейін Даниил журналистерге сұхбат беріп, болған оқиға үшін қатты өкінетінін айтты. 

«Біріншіден, мен сол көрерменнен кешірім сұраймын. Мен онымен байланысуға тырысамын және қаласа кездесеміз. Бұл кездейсоқ болған жайт, допты қасақана ұрған жоқпын. Білемін, мен кейде ақылға қонымсыз әрекеттер істеймін, бірақ теннис добын әдейі көрермендерге ұрған емеспін», - деп ақталды ресейлік теннисші.

Джокович финалда аустралиялық Алекс де Минормен кездеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам