Рыбакина Қытайда өзбекстандық теннисшімен кездеседі

Рыбакина мен Кудерметова арасындағы матч 21 қазанға жоспарланған

Getty Images
Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Қытайда өтіп жатқан Ningbo Open турнирінің екінші айналымындағы қарсыласы белгілі болды. Ол өзбекстандық Полина Кудерметовамен кездеседі.

Әлемдік рейтингте 105-орында тұрған Кудерметова жарыстың алғашқы кезеңінде испаниялық Кристина Букшаны (WTA рейтингінде 38-орын) 7:6 (5), 6:2 есебімен жеңді.

Рыбакина мен Кудерметова арасындағы матч 21 қазанға жоспарланған. Алдын ала мәлімет бойынша, кездесу Қазақстан уақытымен сағат 07:00-ден ерте басталмайды.

Айта кетейік, Рыбакина Нинбода өткен жылғы чемпиондық атағын қорғап жатыр. Қазақстандық теннисші былтырғы финалда ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түскен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам