Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліc тапты

Ұлттық құрама Жапония құрамасына 2:3 есебімен есе жіберді

ҰОК
ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды.

Ширек финалда ұлттық құрама Жапония құрамасына 2:3 есебімен есе жіберді.

Қазақстандықтар кездесуде екі рет алға шықты. Алдымен Кирилл Герасименко Хирото Синозуканы 3:2 есебімен жеңсе, кейін Алан Құрманғалиев Юта Танаканы 3:1 есебімен ұтты. Алайда жапониялықтар ойын барысын өз пайдасына өзгерте алды. Томоказу Харимото Ескендір Харкиді 3:0 есебімен, кейін Кирилл Герасименконы 3:1 есебімен жеңді. Ал шешуші ойында Хирото Синозука Ескендір Харкиден 3:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жүлдеден үмітін үзгенімен, 5-8-орындар үшін бақ сынайды.

Енді қазақстандық теннисшілер Үндістан құрамасымен кездеседі. Екінші жұпта Иран мен Гонконг құрамалары ойнайды. Бұл кездесулердің жеңімпаздары бесінші орын үшін күш сынасса, жеңілген командалар жетінші орынға таласады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам