Елена Рыбакина Нинбодағы турнирдің жартылай финалына шықты

Отандасымыз ширек финалда польшалық Катажина Каваны жеңді

ҚТФ
ҚТФ

Әйелдер арасындағы жекелей сында әлемнің және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы әрі жарыстың бірінші нөмірлі теннисшісі ширек финалда WTA рейтингінде 128-орында тұрған польшалық Катажина Кавамен кездесті.

Жеңімпазды анықтау үшін теннисшілерге үш сет ойнауға тура келді. Рыбакина алғашқы партияда сенімді жеңіске жеткенімен, екінші сетте қарсыласына есе жіберді. Алайда шешуші кезеңде қайтадан басымдықты өз қолына алып, кездесуді 6:1, 3:6, 6:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Матч 1 сағат 46 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші сегіз эйс орындап, алты қос қателік жіберді және 17 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Финалға шығу жолында Рыбакинаның келесі қарсыласы әлемдік рейтингте 13-орында тұрған Диана Шнайдер болады.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам