Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Токиода өзара мықтыны анықтайды

Қарсыластар арасындағы есеп – 2:2

© Clive Brunskill / Staf / Getty Images Sport
© Clive Brunskill / Staf / Getty Images Sport

Бүгін, 29 қазанда, қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымында кездеседі.

Әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Рыбакина мен 67-сатыдағы Путинцеваның матчы Қазақстан уақытымен сағат 13:00-ге жоспарланған.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1,2 миллион доллар. Былтыр жарыста швейцариялық Белинда Бенчич жеңіске жеткен еді. Алайда ол биылғы додаға қатыспайды және чемпиондық атағын қорғай алмайды.

Рыбакина мен Путинцева бұған дейін төрт рет кездесіп, екі жеңістен бөліскен.

Алғашқы екі матчта Путинцева басым түсті. Ол 2020 жылы Римде, 2021 жылы Индиан-Уэллсте жеңіске жетті.

Кейінгі екі кездесуде Рыбакина мықты болды. Ол 2024 жылы Мадридтегі турнирдің ширек финалында қарсыласын үш сетте ұтса, 2026 жылы Майами жарысында 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Осылайша, теннисшілердің өзара кездесулеріндегі жалпы есеп – 2:2. Жеңіп алған сеттер саны да тең – 5:5. Қатты төсеніште өткен матчтарда да спортшылар бір-бірден жеңіске жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам