Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Теннистен әйелдер құрамасының капитаны бекітілді

07.03.2024, 01:21

Бұл міндетті бұрын Ярослава Шведова атқарып келген

Теннистен әйелдер құрамасының капитаны бекітілді
Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының басшылығы ауысып, енді бұл міндетті Юрий Щукин атқаратын болды.

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасына Ярослава Шведова басшылық етіп келді.

Шведова 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін әрі капитан, әрі ойыншы ретінде қызмет атқарған. Кейін капитандыққа біржола ауысқан еді.

Кейінгі жылдары әйелдер құрамасында Юрий Щукин көмекші бапкер ретінде жұмыс істеді. Ол сондай-ақ 2020 жылдың наурызынан бері Қазақстан ерлер құрамасын басқарады.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев кадрлық өзгерісті  басшылық тараптың шешімі екенін атады.

«Әйелдер ұлттық құрамасында түбегейлі ешнәрсе өзгертіп жатқан жоқпыз. Бұрын әйелдер құрамасында Юрий – бапкер, Ярослава капитан еді. Енді керісінше Щукин басшылық тізгінді қолға алып, Шведова оған жәрдемдесетін болады. Былайша айтқанда, кадрлар орнын ауыстырды, бұл құраманың биылғы маусымда табысты өнер көрсететініне септеседі деп үміттенеміз», - деді Диас Досқараев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам