WTA рейтингі: жылды бірінші орынмен аяқтағаны үшін Елена Рыбакинаға арнайы трофей берілді

Ресейлік Мирра Андреева оны өкшелеп келеді

Getty Images
Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде жылды бірінші орынмен аяқтағаны үшін арнайы трофеймен марапатталды. Биыл ол екі бірдей «Үлкен дулыға» турнирінде топ жарған болатын.

Айта кетейік, Рыбакина биыл 14 қыркүйекте ресми түрде әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді. Қазіргі таңда оның еншісінде 8099 ұпай бар. Отандасымызды ресейлік жас теннисші Мирра Андреева өкшелеп келеді (7806 ұпай). Ал, Еленаға дейін рейтингте бірінші болған Арина Соболенко болса үшінші орынға төмендеді (6685).

Биылғы маусымда Рыбакина US Open және Australian Open турнирлерінде топ жарып, рейтингтегі жағдайын жақсартқан болатын. Бұдан бөлек, Нинбо мен Штутгарттағы WTA 500 санатындағы жарыстарды жеңіп алды. Алайда, қарашада өткен WTA-ның жыл қорытындысы турниріне қатыспай, денсаулығынын сыр бергенін мәлімдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам