«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Жұптық сында отандасымыз Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетіп жатыр
Қазақстандық Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан жастар арасында үстел теннисінен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Жұптық сында отандасымыз Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда олар Үндістан құрамасының өкілдері Абхинандх Прадхивади мен Приянудж Бхаттачарьяны 3:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының кем дегенде қола жүлдесін қанжығасына байлады.
Финалға шығу үшін Құрманғалиев пен Фараджи Оңтүстік Кореяның Ким Дэхван мен Ли Хенхо жұбымен кездеседі. Бұл матч 26 қарашаға жоспарланған.