Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны Алматыда ерекше құрметпен қарсы алды (видео)

Telegram WhatsApp

Жалпы маусым барысында Елена 54 жеңіске қол жеткізді

ҚТФ
ҚТФ

Қазақстан әйелдер теннис құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина тарихи маусымнан кейін елге оралды.

Биыл ол кәсіби мансабында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

Алматы халықаралық әуежайында теннисшіні қазақтың дәстүрлі қонақжайлылығымен салтанатты түрде қарсы алды. Даңқты спортшыны қарсы алып, айтулы жетістіктерімен құттықтауға жас теннисшілер де келді.

2026 жылғы маусым Елена Рыбакинаның кәсіби мансабындағы ең табысты кезең болды. Қазақстандық теннисші төрт турнирде жеңімпаз атанды, оның екеуі – «Үлкен дулыға» додасы. Жыл басында Елена Австралияның ашық чемпионатында (Australian Open) топ жарса, қыркүйекте мансабында алғаш рет АҚШ-тың ашық чемпионатының (US Open) жеңімпазы атанды. Екі турнирдің де финалында Рыбакина Арина Соболенконы жеңді.

Сонымен қатар қазақстандық теннисші Германияның Штутгарт және Қытайдың Нинбо қалаларында өткен WTA 500 санатындағы турнирлерде жеңіске жетіп, Индиан-Уэллс пен Торонтодағы WTA 1000 санатындағы жарыстардың финалына шықты. Жалпы маусым барысында Елена 54 жеңіске қол жеткізді.

2026 жылғы 14 қыркүйекте Рыбакина алғаш рет Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) әлемдік рейтингінде көш бастап, маусым соңына дейін бірінші орнын сақтап қалды. Ол күнтізбелік жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтаған Қазақстан теннисі тарихындағы алғашқы спортшы және WTA тарихында осындай жетістікке жеткен 17-ші теннисші атанды.

Қазақстанда болған кезінде Елена Рыбакина жас теннисшілерге шеберлік сабағын өткізіп, өз тәжірибесімен бөліседі және отандық теннистің болашақ жұлдыздарымен жүздеседі.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 45 787 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 1 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 75 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 228 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 111 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 106 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 567 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 362 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 542 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 586 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 297 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 178
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›