Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Сенсация жалғасқан жоқ: Юлия Путинцева Ига Швентектен жеңілді

13.03.2024, 11:14

Екеуі осымен үш рет кездесіп, бәрінде поляк қызы жеңіске жетіп отыр

Сенсация жалғасқан жоқ: Юлия Путинцева Ига Швентектен жеңілді
Қазақстан теннис федерациясы

АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 Индиан-Уэллс турнирінің 1/8 финалында қазақстандық Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентектен (Польша) жеңіліп қалды.

Матч аса тартысты болды деп айта алмаймыз, екі сетте де қарсыласына еш мүмкіндік бермеген поляк теннисшісі 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 12 минутқа созылды.

Еске салайық, бұған дейінгі екі матчта Юлия Путинцева алдымен ресейлік Екатерина Александрованы, артынша америкалық Мэдисон Кизді жеңіп, турнирдің кіші сенсациясын жасаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам