Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Индиан-Уэллстің негізгі шайқастары – Olimpbet-те

13.03.2024, 19:17

Американдық «мыңжылдықтың» қазір нағыз қызған шағы. Үздік теннисшілер ширек финалға шығар жолдағы шайқастарын бастады.

Индиан-Уэллстің негізгі шайқастары – Olimpbet-те
фото Olimpbet

Ертең, 14 наурызда Астана уақытымен түнгі 01.30-да ресейлік Даниил Медведев пен болгариялық Григор Димитровтың кездесуі өтеді.

Медведев пен Димитров сыралғы қарсыластар. Олар бұл шайқасқа көптен бері дайындалып жүрген. Енді міне, олардың жолдары Индиан-Уэллсте 1/8 финалда түйісетін болды.

Бұған дейін бұл теннисшілер бір-біріне қарсы тоғыз рет ойнады. Соның үшеуінде ғана болгариялықтың мерейі үстем болған.

Екі спортшы да маусымды жақсы бастады. 28 жастағы Медведев – әлемнің төртінші ракеткасы. Ол көрсеткіштері бойынша әлі де ТОП-3 теннисшілерінің өкшесін басып келеді. Оның көздегені осы маусымның үздігі атану.

Жылды австралиялық ашық алаңнан бастаған ол бірден финалға жеткен болатын. Содан кейін бір ай демалды. Наурыз айының басында ресейлік теннисші Дубайдағы «бес жүздік» додасына қатысып, жарысты жартылай финалда тоқтатқан еді. Қазір үздік атағын алу үшін АҚШ-та алаңға қайта шықты.

Индиан-Уэллстегі жарыста Медведев 1/8 финалына шығу үшін  алдымен испандық Роберто Карбалес Баенамен кездесті. Екі сеттегі есеп – 6:2, 6:3.

Содан кейін өзінен бір рейтингі төмен американдық ойыншы Себастьян Корданы 6:4, 5:7, 6:3 есебімен жеңді.

Ал АТР тізімінде 13-орында тұрған 32 жастағы Димитров 2024 жылы үздік 10 теннисшінің қатарына кіруді көздеп отыр. Ол қаңтарда айында Брисбендегі турнирде жеңіске жетіп, жаңа кубокты жеңіп алған болатын.

Американдық «мыңжылдықтың» басталуына дейін Димитров бір айға жуық демалды. Әзірге Индиан-Уэллстегі жарыста бірде-бір сетте жеңілген жоқ.

Алғашқы екі кездесуде екі французды – Александр Мюллерді (7:5, 6:2) және Адриан Маннариноны жарыс жолынан шығарды (6:3, 6:3).

Медведев пен Димитровтың алдыңғы екі матчы ұзаққа созылған болатын. Әзірге олардың еншісіне бір-бір жеңістен жазылды.

Ресейлік теннисші өз бабын тапқан жоқ. Қанша дегенмен, Димитров ол үшін ыңғайсыз қарсылас. Сондай-ақ ол қарсылысына қарағанда қателіктерді көбірек жібереді. Әйтсе де оның допты ойынға қосар кездері сеттегі таразы басына әсер етуі мүмкін.

Olimpbet сарапшылары бұл кездесуде әлемнің төртінші ракеткасына – Ж1 – 1.57, Ж2 – 2.43 көрсеткішімен артықшылық береді. Бұл шайқас ұзаққа созылуы мүмкін. Болжам – (22.5) B – 1.88.

Айта кету керек, сіз трансляцияларды қосымшадан немесе сайттан көре аласыз. Ол үшін  Olimpbet.kz. тіркелсеңіз, шотыңыз бос болмаса,  «Трансляции Live» бөлімін ашып, ең қызықты тікелей матчтарды тамашалай аласыз.

Әлемнің үшінші ракеткасы Элиза Мертенеспен кездеседі

Индиан-Уэллстегі турнирдің 14 наурыз күнгі басты кездесулерінің бірі – әлемнің үшінші ракеткасы Кори Гауфф (АҚШ) пен белгиялық Элиза Мертенестің шайқасы. Кездесу Астана уақытымен түнгі 00.15-те басталады.

20 жастағы американдық Кори Гауфф өз жанкүйерлерінің алдында өнер көрсетеді. Бұл оның эмоциалық тұрғыда тағы бір басымдығы.  Әлемнің үшінші ракеткасының көп қателіктер жібермейтінін ескерсек, оның қарсыласына бұл кездесу оңайға соқпасы анық.

Кори Гауфф Дубайдағы Окленд турнирін жартылай финалда аяқтаған болатын. Содан кейін бірер апта демалып, міне енді өз алаңында қайта жарысқа шығып отыр.

Индиан-Уэллсте Кори Гафф екі ойын өткізіп, екеуін де жеңіспен аяқтады. Алдымен ол француз Клара Бюрельді 2:6, 6:3, 7:6 (7:4) есебімен, содан кейін итальяндық Люсия Бронцетти 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңді.

Оның қарсыласы 28 жастағы Мертенс WTA рейтингінде 28- орында тұр. Әйтсе де Индиан-Уэллсте бельгиялық спортшы қарсыластарына әлі бірде-бір сет берген жоқ. Бірінші кездесуінде ол қытайлық Синю Вангты жеңсе (6:1, 6:4), содан кейін ол жапондық Наоми Осакамен кездесті.

Жанкүйерлер Гауфтың сәтсіздіктерін кездестірген емес. Оның осал тұстары белгісіз. Ал Мертенс тордағы жақсы ойынымен танымал. Америкалық теннисші бұл кездесуде қарсыласына шабуылдаушы стилінде ойын өрнегін көрсетуі мүмкін. Кори Гауфф белгиялық теннисшіні бұған дейін үш рет жеңген.

Olimpbet сарапшылары Гауф бұл кездесуде 1/4-ші – Ж1 – 3.94, Ж2 – 1.26 есебімен өтеді деп санайды. Ал Мертенс бір сетте – 3.95 ұпай алады деген болжамға жақсы коэффициент ұсынылып отыр.ф

Сіз, банктік қосымшалар арқылы ең ірі букмекерлік кеңсесінен шот ашып, есебіңізді толтыра аласыз (Kaspi.kz, Forte, BCC.kz және басқалар). Ол үшін Olimpbet.kz. букмекерлік кеңсесіне кіріп, "төлемдер" бөліміне өтіп, "барлығы", "басқа" қойындыларын ашып, есепшотыңызды толтыруыңыз керек.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам