Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Юлия Путинцева әлемдік рейтингте бірден 11 сатыға көтерілді

18.03.2024, 12:48

Ол жуырда ғана Индиан-Уэллс турнирінде екі рет сенсация жасаған болаты

Юлия Путинцева әлемдік рейтингте бірден 11 сатыға көтерілді
olympic.kz

Дүниежүзілік әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) кезекті рет жекелей және жұптық сындағы рейтингісін жаңартты. 

Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингтегі төртінші орнын сақтап қалды. Ал, жуырда ғана Индиан-Уэллс турнирінде екі теннисшіні жеңіп, әйгілі Ига Швентектен жеңілген Юлия Путинцева бірден 11 сатыға жоғарылап, 68-орынға тұрақтады.

Рейтингтің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды:

  1. Ига Швентек (Польша)
  2. Арина Соболенко (Беларусь)
  3. Кори Гауфф (АҚШ)

Ал, жұптық сында өнер көрсететін қазақстандық Анна Данилина 44-орнын сақтап қалды. Путинцева 360-орынға төмендесе, Рыбакина 538-ші орында тұр.

Еске салайық, Индиана-Уэллс турнирінде Юлия Путинцева бірінші айналымда ресейлік Екатерина Александрованы жеңсе, екінші айналымда америкалық әйгілі теннисші Мэдисон Кизді тізе бүктірді. Ал, үшінші кездесуінде жерлесіміз әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентектен жеңіліп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам