Оның келесі қарсыласы – ресейлік Людмила Самсонова
Маймиде басталған WTA 1000 турнирін қазақстандық Юлия Путинцева жеңіспен бастады. Испания өкілі Кристина Бучамен кездескен жерлесіміз 6:2, 3:6, 6:4 есебімен басым түскен.
Матч 2 сағат 19 минутқа созылды. Екінші айналымда ол ресейлік Людмила Самсоновамен кортқа шығады.
Бұл жарысқа Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да қатысып жатыр. Ол бірінші матчта дат қызы Клара Таусонмен кездеседі. Таусон мұның алдында америкалық Кэролайн Доулхайдты үш сетте жеңген (6:3, 3:6, 6:2).