![Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/04/20/6623dded3c9d2765265999.jpg)
Ол аталған турнирдің финалына алғаш рет шығып отыр
Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан теннистен WTA 500 - Porsche Tennis Grand Prix турнирінде қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңді.
Бірінші сетті поляк қызы сенімді бастап, 2:0 есебімен алға шыққан болатын. Алайда, Рыбакина қатарынан бес геймде жеңіске жетіп, есепті 5:2-ге дейін жеткізді. Бұл сет болса 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Екінші сетте Швентек 6:4 есебімен жеңіске жетсе, шешуші үшінші кезеңде Рыбакинаның мерейі үстем болды, есеп 6:3. Матч 2 сағат 49 минутқа созылды.
Финалда жерлесіміз Марта Костюк (Украина) - Маркета Вондроушева (Чехия) жұбының қай жеңгенімен кортқа шығады.
Айта кетейік, Рыбакина Штутгарттағы дәстүрлі турнирдің финалына мансабында алғаш рет шығып отыр.