WTA-500: Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасын ұтты

Марта Костюк. Фото Getty Images
Марта Костюк. Фото Getty Images

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA-500 турнирінің финалында украиналық Марта Костюкпен кездеседі.

Айта кетейік, Рыбакина жарыстың жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті (Польша) жеңген болатын. Ал, Костюк чех теннисшісі Маркета Вондорусовадан басым түсті (7:6, 6:2).

21 жастағы украиналық теннисші WTA рейтингінде 27-сатысында тұрса, Рыбакина төртінші орында.

Бұған дейін қос теннисші өзара үш рет кездесіп, екеуінде Костюк жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Штутгарттағы WTA 500 - Porsche Tennis Grand Prix турнирінің жүлде қоры 922,5 мың долларды құрайды. Жеңімпаз ірі көлемде қаржылай жүлдемен бірге 500 рейтингтік ұпай қосып алады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам