Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

«Мінез жетіспеді»: Рыбакина жеңілісінің себебін түсіндірді

03.05.2024, 11:10

Қазақстандық теннисші бірінші сетте ойсырата жеңген болатын

«Мінез жетіспеді»: Рыбакина жеңілісінің себебін түсіндірді
WTA

Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид турнирінің жартылай финалында WTA рейтингінде екінші сатыда тұрған белорус Арина Соболенкоға есе жіберді.

Кездесу 2 мамырдан 3-іне қараған түні өтіп, Соболенконың басымдығымен аяқталды, есеп – 1:6, 7:5, 7:6. Осыдан соң Рыбакина жеңілісінің себебін түсіндірді.

«Екінші сетте деңгейін көтергенін сездім, одан қалды, кей жерлерде өзім мінез көрсете алмадым. Белсенділігім төмен болған шығар. Жылдамырақ қимылдауым керек еді», - деді Елена матчтан кейін.

Беларусь қызы финалда польшалық Ига Швентекпен өзара мықтыны анықтайды. Теннисші алдағы ойын туралы пікірін бөлісті.

«Бұл керемет финал болады. Біз бұған дейін де жақсы ойындар өткіздік. Нағыз тартысқа толы айқастар. Финалға шыққаныма шын қуанып тұрмын, жеңіске жету үшін барымды саламын. Екеуміздің де шеберлігіміз артып келеді. Оның ойындарын көремін, себебі стратегиямды өзгертуім керек пе, жоқ па, соны түсінуім қажет. Бар ойымды жинақтап, мінез танытып, соққыларыма сенемін», - деді Соболенко Punto de Break-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Арина – Мадридтегі «мыңдықтың» былтырғы жеңімпазы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам