Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Мадридтегі WTA 1000 турнирін поляк Ига Швентек жеңіп алды

05.05.2024, 01:52

Финалдық матч әлемнің бірініш мен екінші ракеткалары арасында өтті

Мадридтегі WTA 1000 турнирін поляк Ига Швентек жеңіп алды
Getty Images

Испания астанасында аяқталған WTA 1000 турнирін әлемнің бірінші ракеткасы – польшалық Ига Швентек жеңіп алды. Тартысты өткен кездесуде ол беларусь қызы Арина Соболенконы жеңді, есеп – 7:5, 4:6, 7:6 (9:7).

Айта кетейік, Швентек әлемдің рейтингте бірінші орында тұрса, Соболенко екінші сатыда.

Екеуара кездесу 3 сағат 12 минутқа созылды. Беларусь теннисшісі осы уақытта 5 брейк-пойнт және 4 эйсті сәтті жүзеге асырса, қарсыласы да 5 брейк-пойнт және екі эйсті еншісіне жазды.

Мадридтегі осынау турнирді Соболенко бұған дейін екі рет жеңіп алған. Ал, әлемнің бірінші ракетасы Швентек болса алғаш рет жеңімпаз атанып отыр. Былтыр да екеуі осы жарыстың финалында кездесіп, ол кезде Соболенко 3:6, 6:3, 3:6 есебімен басым түскен.

Бұл Ига Швентектің 20-шы титулы және WTA 1000 санатындағы тоғызыншы кубогі.

Еске салайық, аталған турнирде өнер көрсеткен қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалда Арина Соболенкодан жеңіліп қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам