Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында «Ролан Гарростың» ширек финалына жетті

05.06.2024, 16:28

Былтыр қазақ баласы Аустралия ашық біріншілігінде сенсация жасаған болатын

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында «Ролан Гарростың» ширек финалына жетті
Қазақстан теннис федерациясы

Францияда өтіп жатқан "Ролан Гаррос» турнирінде қазақстандық Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында ширек финалына шықты.

Еліміздің жас теннисшісі Ресей өкілі Тимофей Дерепаскомен жұп құрып, Франция спортшысы Чарли Камю мен аустралиялық Хайден Джонспен шеберлік байқасқан болатын.

Жауапты ойында Омархановтың жұбы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші партия тай-брейкке дейін жалғасты. Соған қарамастан Әмір Омарханов шешуші сәтте Тимофей Дерепаскомен бірге 7:4 есебімен басым түсіп, 7:6 нәтижесін тіркеді. Ал ал екінші сетте олар үш брейк жасап, 6:2 көрсеткішіне қол жеткізді.

Енді Омарханов пен Дерепаско жұбы ширек финалда өнер көрсетеді. Әзірге олардың қарсыласы анықталған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам