Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әмір Омарханов жұптық сында «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты

07.06.2024, 09:55

Соңғы тай-брейкте Әмірдің жұбы 6:9 есебімен жеңіліп тұрып, ерекше камбекпен жеңіске жетті

Әмір Омарханов жұптық сында «Ролан Гарростың» жартылай финалына шықты
Қазақстан теннис федерациясы

«Ролан Гаррос» турнирі аясында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Франция ашық чемпионатында қазақ теннисшісі Әмір Омарханов жұптық сында жартылай финалға шықты.

Ресейлік Тимофей Дерепаскомен жұп құрған отандасымыз ширек финалда Томас Фурель (Франция)/Лука Преда (Румыния) жұбымен кортқа шығып, 6:4, 4:6, 12:10 есебімен жеңіске жетті. Соңғы сеттегі тай-брейкте Әмірдің жұбы 6:9 есебімен жеңіліп жатқан. Дегенмен, олар басымдықты қолға алып, матчты өз пайдасына шешті.

Әмір Омарханов – жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гарростың» жартылай финалына шыққан үшінші қазақстандық теннисші. Ең біріншісі – Ирина Селютина. Ол 1997 жылы зимбабвелік Кара Блэкпен Франция ашық біріншілігі мен Уимблдонның жеңімпазы атанған (жасөспірімдер арасында – авт.). Екіншісі – Амина Рахым. Ол 2005 жылы «Ролан Гарростың» финалында, 2006 жылы Juniors US Open турнирінің жартылай финалында және Juniors Australian Open турнирінің жартылай финалында жұптық сында өнер көрсетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам