Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» жеңілісінің себебін түсіндірді

06.06.2024, 14:26

Оны аллергия мен ұйқысыздық жиі мазалап жүрген көрінеді

Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» жеңілісінің себебін түсіндірді
instagram.com/lenarybakina/

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турниріндегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Жарыс фавориттерінің бірі. Саналған жерлесіміз ширек финалда Италия өкілі Ясмин Паолиниден 2:1 есебімен ұтылған еді.

Жеңілісіне қарамастан ол көңіл-күйінің жақсы екенін айтып отыр.

«Нәтижеме өте ризамын. Осыған дейін көптеген матч өткізіп, үздік ойыншыларды жеңген жақсы жеңістер болды, жеңілістер де болды. Әрине, мен барлық турнирде ойнағым келеді. Бірақ, егер мүмкіндігің болмаса, уақыт жетпесе, денсаулықты қатерге тігуге болмайды. Мен қазір өз деңгейіме ризамын. Осы маусымның соңына дейін ойынды жалғастыра алсам, бұл мен үшін өте жақсы болар еді», - деді Рыбакина. 

Сонымен қатар, ол өзінің денсаулығының да жиі сыр беретінін жасырмады. Былтыр да, биыл да дәрігерлер көиегіне жиі жүгінген кездері болыпты. 

«Мен бұл жағдай аса терең үңілмеймін. Бірақ алда көп жұмыс істеймін. Себебі, теннисте биікке шығу, соған сәйкес құлдыраулар да болады. Сондай-ақ, кестеге сәйкес бәрі жеңіл бола бермейді. Бұл жерде әркім әр ойында жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Мен өте көп ойнадым. Егер денсаулығымда проблема болмаса, кортқа қайта шығамын. Егер толық сенімді болмасам, мұндай тәуекелдер тек жарақат әкелетіні анық. Қазір мендегі басты проблема ол – аллергия, ұйқысыздық. Сонымен қатар, былтыр арқамды ауыртып, сонымен әлек болған едім. Соған қарамастан емделіп, қалпыма келдім. Теннисте әрдайым жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Біз әрдайым турнирлерде биіктер көрінуге тырысамыз", - деді Рыбакина.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы былтыр да «Ролан Гаррос» турнирін ерте аяқтаған болатын. Үшінші айналым алдында ол кортқа шығудан бас тартып, жеңіс оның қарсыласына жазылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам