Қазақстанның бірінші ракеткасы Франция ашық чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды
«Ролан Гаррос» турнирі аяқталғаннан кейін Әйелдер теннис қауымдастығы дүниежүзілік рейтингін жаңартты.
Бұған дейін аталған рейтингтің төртінші сатысында болған қазақстандық Елена Рыбакина өз орнын сақтап қалды. Ол «Ролан Гарростың» ширек финалында жеңіліп қалған болатын.
Ал, Қазақстанның екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева болса екі сатыға төмендеп, 41-орынға тұрақтады.
Көщбасшылардың алғашқы үштігінде өзгеріс бар. «Ролан Гаррос» чемпионы атанған поляк Ига Швентек бірінші орнын сақтап қалса, беларустік Арина Соболенко екіден үшінші орынға төмендеді. Сәйкесінше, америкалық Кори Гауфф үштен екіге жоғарылап отыр.
Ал, жұптық бойынша жасалған рейтингте қазақстандық Анна Данилина үш сатыға жоғарылап, 54-орынға тұрақтады.