Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Зарина Диас бастаған Қазақстан теннисшілері «Уимблдон» турнирінен тыс қалды

28.06.2024, 14:08

Қазақстанның бес теннисшінің барлығы да негізгі айналымға өте алмады

Зарина Диас бастаған Қазақстан теннисшілері «Уимблдон» турнирінен тыс қалды
ҰОК

Лондонда «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңінде қатысып, финалға дейін еркін жеткен Қазақстанның бес теннисшінің барлығы да негізгі айналымға өте алмады.

Үкілеген үміттердің арасында ерлер санатынан Михаил Кукушкин франциялық Уго Гастоннан айласын асыра алмай, жеңіліс тапты. Тағы бір спортшымыз Денис Евсеев Бельгия өкілі Зиза Бергсуден өте алмады.

Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев Франция атынан сынға түскен Квентин Галиге қарсы қауқар көрсетпеді. Ал әйелдер арасында ұзақ үзілістен кейін кортқа қайта оралған Зарина Дияс Қытай теннисшісі Чжу Сян Байданнен жеңілуге мәжбүр болды.

«Уимблдон» турнирінде Қазақстан атынан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик пен Александр Шевченко өнер көрсетеді. Сонымен бірге, жұптық сында Анна Данилина мен Александр Недовесов шеберлік сынасады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам